Велоспорт

Алексей Луценко — ел Спартакиадасының үш дүркін жеңімпазы

Алексей Луценко — ел Спартакиадасының үш дүркін жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысында велоспорттан Қазақстан Спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарысқа қатысушылар 162 шақырымды жүріп өтті. Топтан қара үзіп кеткен Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Күміс жүлдені Дмитрий Груздев еншілесе, қоланы Антон Кузьмин жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Луценко жекелей сында да Спартакиада жеңімпазы атанған болатын. Осылайша, оның еншісінде екі алтын медаль бар.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер