русский язык
Баскетбол

Тағдыр тәлкегі. Айверсон неге қайыршы болып кетті?

Тағдыр тәлкегі. Айверсон неге қайыршы болып кетті?

Баскетболдың жарық жұлдызы Аллен Айверсон Атлантадағы сауда дүкендердің бірінде қайыршылық күн кешуде, деп жазады батыс басылымдары.

«Филадельфия» баскетбол клубының қорғаушысы Аллен ұзаққа созылған сот істерінен кейін, спорттық ғұмырында жиған-терген бар мал-мүлкінен айырылып қалған. Қара нанды тауып жеудің өзі қиынға түскендіктен бұрынғы баскетбол жұлдызы қазіргі таңда қайыршылықпен күн көруде.

«Бала күнгі кумирімді сауда дүкенінен қуып шығу – маған өте қиын болды. Бұрыңғы даңқты Алленнің қазіргі жағдайына қарап көңілім қатты түсті. Ол аяғына тұрып, қайта жаңа өмір бастайды деп сенемін», — дейді сауда дүкенінің күзетшісі.

«Сиксерс» қаржылық дағдарысқа ұшырағаннан кейін Айверсен спорттық мансабын аяқтаған болатын. Жалақысы мен жарнамадан түскен табысы 200 миллион доллардан асатын кейбір  жылдары. НБА-да өнер көрсеткен кезде $ 154,5 млн, табыс түсірген. Бұл ақшаның бәрі қайда кетті дерсіз? Аллен үлкен соммалы ақшаны оңды-солды шашқанды ұнататын әрі қымбат зергерлік бұйымдарды сатып алғанды жақсы көретін. 2012 жылы Джорджия штаты оны жергілікті зергерлік дүкенге 860 мың АҚШ долларын төлеуге міндеттеді. Осыдан кейін басталған сот істері Алленнің қалтасын түгел қағып алған. Тіпті басындағы баспанасын да тартып алған көрінеді.

Айверсонның өзі болашақта тұрмысы түзелер деген сенімде. Жергілікті команданың бірінде бапкерлік қызмет ұсынады деген үміті бар. Негізі, Алленнің америкалық банктердің бірінде 30 миллион долларға жуық қаражаты сақтаулы. Бірақ бұл ақшаға баскетболшы тек 55 жасқа толғанда ғана қол жеткізе алады. Келісімшартта солай делінген...

Осыған дейін даңқты баскетболшы Аллен «Айверсон Филадельфия-76»(1996—2006, 2009—2010), «Денвер Наггетс» (2006—2008), «Деттройт Пистонс»(2008—2009), «Мемфис Гриззлс»(2009), «Бешикташ»(2010—2011) сияқты бір топ командаларда өнер көрсеткен, сонымен қатар 2004 жылғы Афина Олимпиадасының қола жүлдегері, Сан-Хуандағы Америка чемпионатының жеңімпазы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;