русский язык
Велоспорт

Александр Винокуров мерекелік велошеруге қатыспақ

Александр Винокуров мерекелік велошеруге қатыспақ

Биыл 24 тамызда Астанада Конституция күніне арналған мерекелік веложорық өтеді, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Конституция күніне арналған және «Тур де Франс-2014» жеңімпазы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали мен команда мүшелері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинскийдің және Дмитрий Груздевті, сондай-ақ велокоманданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын атап өту аясында мерекелік веложорық өтеді.

Маршрут «Салтанат сарайының» алдындағы алаңнан басталып, «Астана арена» стадионының алдындағы алаңға дейін жалғасады. Ұзындығы – 4600 м. Веложорыққа кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады. Толық ақпарат алдағы уақытта елорда әкімдігінің сайтында жарияланатын болады.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;