Бокс

Эдди Хирн: Сулецки жеңіске жетсе, «Канело» не Головкинмен жұдырықтасады

news-banner7
mobile-news-top

Польшалық боксшы Мацей Сулецкидің промоутері Эдди Хирн өз клиентінің келесі ықтимал қарсыластары жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетейік, Сулецки қазақстандық уақытпен 30 маусымда АҚШ-тың Провиденс қаласында Деметриус Андрадемен жұдырықтасады.

«Мацейді жақсы білемін. Оның жекпе-жектерін көріңіздерші: Дэнил Джейкобспен, Габриэль Ромадомен. Оның кездесулері қашан да керемет. Ол орта салмақта әлемдік деңгейдегі боксшы, сенбіде тамаша жекпе-жек көресіздер. Егер Мацей сенбіде жеңіске жетсе, келесі қарсыласы «Канело» не Головкин болады деп ойлаймын», - деді Хирн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер