русский язык

Владимир Смирнов «Астана» ПКСК бас директоры болып тағайындалды

Владимир Смирнов «Астана» ПКСК бас директоры болып тағайындалды

Белгілі қазақстандық спортшы, шаңғы жарысынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Михайлович Смирнов 1964 жылдың 7 наурызында Щучьеде дүниеге келген. 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері. Үлкен спорттан 1999 жылы кетті. 

Естеріңізге салып өтсек, президенттік кәсіби спорт клубы 2013 жылы құрылған болатын. Оның құрамына еліміздің бірқатар жетекші спорт клубтары кіреді – «Барыс», «Астана» футбол және баскетбол клубтары. Сондай-ақ аталмыш клуб Қазақстанның атақты спортшылары Илья Ильин, Геннадий Головкин, Денис Тен және тағы басқаларға қолдау көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;