русский язык

Аламан бәйгенің өтетін орны мен жүлде қоры белгілі болды

Аламан бәйгенің өтетін орны мен жүлде қоры белгілі болды

Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығында 14-қыркүйек күні аламан бәйгеден өтетін турнирдің дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.

Ұйымдастырушылар турнирдегі  қауіпсіздік шараларына баса назар аударып отыр. Себебі, жүзден жүйрікті анықтайтын 43 шақырымдық бәйгеде жылқыға да, сол қашықтыққа шыдап беретін шабандозға да ауыр тиетіні анық.

Тағы айта кететіні, республикалық «Алтын тұлпар»  турнирі Астанадан 30 шақырымға жуық қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағында өтетін болып шешілді. Бәйге ұлттық спортының мамандарына қала маңынан 43 километр жер бедерінің түрлі жерінен өтетін жарыс жолын таңдауға оңай түскен жоқ.

Сонымен бірге, бәйгенің бекітілген Регламенті бойынша, қатысушы ат үшін 95000 (тоқсан бес мың) теңге жарна төлеуі тиіс. Десе де, аламан бәйгенің жүлде қоры 21 млн теңгені құрап отыр. Бұл қаржыдан мәреге жеткен алғашқы тоғыздыққа сыйақы табысталады. Нақтырақ айтсақ, 1-орынға 10 млн, 2-орынға  5 млн,  3-орынға 2,5 млн,  4-орынға 1,5 млн, 5-орынға 1 млн, 6-орынға 750 мың, 7-орынға 500 мың, 8-орынға 300 мың, 9-орынға 150 мың теңге қаржылай сыйақы беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;