русский язык

Дмитрий Карпов Финляндия ашық чемпионатында топ жарды

Дмитрий Карпов Финляндия ашық чемпионатында топ жарды

Қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов Финляндия ашық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.

Көпсатылы жарыста қазақстандық спортшының жинаған ұпайы - 7756. 15-16 тамыз күндері өткен ашық чемпионат Карповтың Кореядағы жарыс алдында спорттық формасын анықтауға мүмкіндік болды.

Олимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Карпов қазіргі кезде қыркүйек айында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарына дайындық үстінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;