Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогы басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі додасы басталды. Жарыс Орталық стадионда өтіп жатыр.

Кубоктік додамен қатар жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты да өтуде. Екі бәсекеге еліміздің 12 аймағынан спортшылар қатысып жатыр.

Нақтылап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Атырау облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан жеңіл атлеттер жиналған.

Турнир 30 маусымда аяқталады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер