Шымкенттік әйелдер командасы Чемпиондар лигасында әлсіздер қоржынына түсті
![Шымкенттік әйелдер командасы Чемпиондар лигасында әлсіздер қоржынына түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408454027_799425858.jpg?v=28697001)
Турнирде Қазақстанның намысын тек «БИІК-Қазығұрт» қорғайды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
1/16 және 1/8 финалдың жеребесі Ньонда 22 тамызда Астана уақытымен 17:30-да тартылады. 1/16 финалға рейтингіде жоғары тұрған 22 команда мен іріктеу раундынан өткен 10 клуб қатысады.
Осы 32 клуб екі қоржынға бөлінеді, УЕФА-дағы коэффициенті жоғары алғашқы 16 команда әлділер сапында болады. 1/16 финалда әлділер қоржынына түскен клубтар әлсіздермен кездеседі, алайда бір елдің екі клубы бір-бірімен ойнамайды.
Сондай-ақ, 1/8 финалдың жұптарына да жеребе тартылады. Алғашқы матчтар 8-9 қарашада өтсе, қарымта матчтар сол айдың 12-13 жұлдызында болады.
Чемпиондар лигасының финалы 14 мамырда Берлиндегі Фридрих-Людвиг-Ян-Шпортпарк» стадионында өтеді.
1/16 финалдың қатысушылары мен коэффициенттері:
Әлділер:
«Вольфсбург» (Германия, чемпион) — 78,249;
«Лион» (Франция) — 127,905;
«Торрес» (Италия)* — 68,035;
«Русенгорд» (Швеция) — 54,295;
«Фортуна» Йорринг (Дания) — 47,550;
«Франкфурт» (Германия)* — 47,249;
«Нойленгбах» (Аустрия) — 46,395;
«Брондбю» (Дания)* — 45,550;
«Спарта» (Чехия)* — 45,220;
«Линчепинг» (Швеция)* — 44,295;
«Пари Сен-Жермен» (Франция)* — 39,905;
«Звезда-2005» (Ресей)* — 38,510;
«Глазго Сити» (Шотландия)** — 29,260;
«Барселона» (Испания) — 25,550;
«Цюрих» (Швейцария)** — 23,600;
«Бристоль Академи» (Англия)* 23,305.
Әлсіздер:
«Стабек» (Норвегия) — 22,900;
«Аполлон» (Кипр)** — 21,280;
«Ливерпуль» (Англия) 19,305;
«МТК» (Венгрия)** — 16,285;
«Рязань-ВДВ» (Ресей) — 15,510;
«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) — 14,270;
«Брешия» (Италия) — 13,035;
«Твенте» (Нидерланды) — 11,940;
«Славия» Прага (Чехия) — 11,220;
«Стьярнан» (Исландия) — 9,610;
«Осиек» (Хорватия)** — 6,650;
«Помурье» (Словения)** — 6,475;
«Медик» (Польша)** — 6,105;
«Гинтра Университетас» (Литва)** — 5,320;
«Атлетико Оуриенсе» (Португалия)** — 4,305;
«Рахени Юнайтед» (Ирландия)** — 3,640.
* ұлттық чемпионаттардың күміс жүлдегерлері («Линчепинг» «Тюресені» алмастырды)
** Іріктеу кезеңінің қатысушылары
Турнирдің күнтізбесі:
1/16 және 1/8 финалдың жеребе рісімі: 22 тамыз;
Матчи 1/16 финал матчтары: 8-9 және 15-16 қазан;
Матчи 1/8 финал матчтары: 8-9 және 12-13 қазан;
1/4 и 1/2 финалдың жеребе рәсімі: 19 қазан;
1/4 финал матчтары: 21-22 және 28-29 наурыз;
1/2 финал матчтары: 18-19 и 25-26 сәуір;
Финал (Берлин): 14 мамыр.