«Qyzyljar-2019» велошеруі өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПетропавлда Александр Винокуровтың сыйлығына арналған ашық республикалық көпкүндік веложарысы аясында «Qyzyljar-2019» спорттық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Qyzyljar-2019» велошеруіне 150-ден астам спортшы қатысты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласының 20 командасы, Алматы қаласының, Қазақстанның басқа өңірлері мен Ресей Федерациясының велошабандоздары бар.
Оларға спорт ардагерлері мен жастар, Қазақстан спортының саңлақтары: велошабандоздар Бақтияр Қожатаев пен Александр Надобенко, былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов қосылды.
Дәстүрлі велошеру Петропавлда екінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жолы велошеруге қатысушылар К.Сүтішев, Ж.Жабаев, Я.Гашек және Нұр-Сұлтан көшелерін басып, 7,5 шақырымды жүріп өтті.