Бокс

Қанат Ислам: Рингке оралар сәтті асыға күттім

news-banner7
mobile-news-top

Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы Қанат Ислам аяғынан алған жарақаттан кейін рингке оралуға әзір екенін айтты. Спортшы сондай-ақ, жанкүйерлеріне «таңқалдырарлық шоу» көрсетуге де уәде етті.

«Менде біраз үзіліс болды, қайтып оралу оңай емес. Өмірде аздаған қиындықтар да болып тұрады, бірақ оның бәрі уақытша. Мен рингке оралуыма бар ынтаммен дайындалдым, осы сәтті күттім. Күткен уақытым жеткен сияқты. Жанкүйерлерім үшін үздік ойын көрсетемін», - деді Қанат Ислам 27 маусым күні Алматыда өткен жаттығудан кейін.

Боксшы сондай-ақ, алдағы жекпе-жекте қарсыласы доминикалық Хулио де Хесус болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, Ислам мен де Хесус арасындағы жекпе-жек 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Бұл айқаста боксшылар WBO Inter-Continental белбеуі үшін таласады.

Қанат Ислам соңғы рет рингке өткен жылдың қыркүйек айында шықты. Ол жолы канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер