Маркос Рохо «МЮ-ге» ауысты
![Маркос Рохо «МЮ-ге» ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408437232_413990086.jpg?v=28697373)
24-жастағы «Спортингтің» қорғаушысы Маркос Рохо «Манчестер Юнайтед» сапына ауысты, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
«МЮ-де» сапында өнер көрсету – менің арманым еді. Мен Хуан Себастья Веронмен ақылдасып, Англияға ауысуды жөн санадым. «Спортингтен» кету маған қиынға соқты», - деді Рохо.
«Манчестер Юнайтед» Маркос Рохоны 20 миллион евроға сатып алған көрінеді.