русский язык
Футбол

Еуропа Лигасы. Қазақстандық клубтардың кездесулері тікелей эфирде

Еуропа Лигасы. Қазақстандық клубтардың кездесулері тікелей эфирде

«Ақтөбе» - «Легия» мен «Астана - Вильяреал» матчтарын Қазспорт арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы алғашқы ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен испаниялық «Вильяреал» арасындағы ойынын тікелей эфирде ұсынбақ.

Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы қарымта ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Ал, елордалық «Астана» мен «Вильяреал» клубтарының арасындағы қарымта кездесудің трансляциясы бойынша келіссөз жүргізілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;