Винченцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони Қазақстанға ат басын бұрды
![Винченцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони Қазақстанға ат басын бұрды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408436361_415665567.jpg?v=28696763)
«Тур де Франс-2014» көпкүндігінің қаһармандары Винченцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони 21 тамыз күні Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.
«Астана» командасының велошабандоздарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қабылдайды. Кездесуге «Тур де Франс-2014» жарысына қатысқан қазақстандық спортшылар Максим Иглинский мен Дмитрий Груздев те қатысады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, «Астана» командасының велошабандоздары Бурабайда өтетін қайырымдылық шарасы мен 24 тамыз күні Астанада Конститутция күніне арналған велошеруге қатысады.