русский язык
Теннис

US Open-2014. Путинцева мен Каратанчаева іріктеу кезеңіне қатысады

US Open-2014. Путинцева мен Каратанчаева іріктеу кезеңіне қатысады

Қазақстандық теннисшілер 25 тамыз бен 8 қыркүйек арасында АҚШ-та өтетін Үлкен Дулығаның қорытынды турнирінің негізгі кезеңіне шығуға талпынып көреді.

Юлия Путинцева 20 жасар парагвайлық Монсеррат Гонзалеспен кездеседі. Егер жеңіп жатса, теннисшіміз Мария Санчез (АҚШ) – Эрика Сема (Жапония) жұбының жеңімпазымен жолығады.

Сесиль Каратанчаеваға америкалық Мелани Оудин қарсылас болмақ. Сесиль қарсыласынан айласын асыра алса, келесі ойында ресейлік Елизавета Куличкова немесе франциялық Стефани Форетцпен күш сынасады.

Естеріңізге салсақ, US Open-2014-тің негізгі кезеңіне қатысу үшін 3 іріктеу раундынан өту қажет.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;