Бокс

Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA-ны мойындалу мәртебесінен айырды

Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA-ны мойындалу мәртебесінен айырды
news-banner7
mobile-news-top

Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-сессиясы аяқталуға жақын. Шара барысында ХОК Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) мойындалу мәртебесінен айыруды бекітті.

Аталмыш шешімді ХОК мүшелері ұзаққа созылған және қызу пікірталастан кейін бірауыздан қабылдады. Мәселен, негізгі сұрақтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан квалификациялық жарыстар мен турнирлерді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндеттелген мақсатты топқа бағытталды.

Еске салайық, оған Халықаралық гимнастика федерациясының басшысы Моринари Ватанабэ жетекшілік етеді. Оған Уильям Фредерик Блик (Уганда), ХОК мүшесі, Вилли Кальтшмитт Лухан (Гватемала), ХОК Атқару комитетінің мүшесі, Махмуд Меданси (Мысыр), ХОК спортшылары комиссиясының мүшесі, Мариус Визер (Румыния), Халықаралық дзюдо федерациясының президенті енген.

Бұған дейін аталмыш топ бокс турнирінің жарыс бағдарламасының жобасын ұсынған болатын. Олимпиада-2020-да ол 13 салмақ санатында өтеді (ерлер арасында - сегіз және әйелдер арасында 5 салмақ бойынша). Квалификация келесі жылдың қаңтарында басталады. AIBA өз құқығын Токиодағы Олимпиада ойындары өткеннен кейін ғана қалпына келтіре алады. Атап өтілгендей, ХОК мүшелері AIBA-ның ұзақмерзімді «жарқын келешегіне» көлеңке түсірген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер