Қазақстанның 8 клубы Еуропаның үздік командаларының рейтингіне енді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРесейлік «Хоккейные архивы» порталы Еуропаның үздік 250 клубының рейтингін түзді, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.
Елордалық «Барыс» 36 сатыға көтеріліп, 19-шы сатыға жайғасты. Ал жалпы тізімде Қазақстанның 8 өкілі бар:
19 орын — «Барыс» (Астана) — 43,78 ұпай (+36)
136 орын — «Сарыарқа» (Қарағанды) — 13,28 (+19)
152 орын — «Арлан» (Көкшетау) — 11,64 (+42)
161 орын — «Бейбарыс» (Атырау) — 10,62 (+58)
191 орын — «Номад» (Астана) — 9,39 (-29)
204 орын — «Ертіс» (Павлодар) — 8,88 (+45)
206 орын — «Торпедо» (Өскемен) — 8,74 (-25)
244 орын — «Құлагер» (Петропавл) — 7,13 (-17).