Зайнутдинов «Спартакқа» қарсы ойнаған жоқ
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПариматч Пример кубогының 1-турында «Ростов» мәскеулік «Спартакпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ойын аустриялық Пеллеу қаласындағы «Шпортплац ТСВ Пеллау» стадионында өткен. Матч 2:0 есебімен ростовтықтардың пайдасына аяқталды.
«Ростов» сапынан Дмитрий Полоз бен Александр Саплинов гол соқты.
Қазақстан құрамасы мен «Ростовтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов бұл матчқа қатысқан жоқ.