«Жетісу» шабуылшысы еуропалық клубқа ауысуы ықтимал

news-banner7
mobile-news-top

Temasport.com порталының ақпараты бойынша, болгариялық «Арда» талдықорғандық «Жетісудың» шабуылшысы Ивайло Димитровпен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Арда» орталық шабуылшы Ивайло Димитровқа ұсыныс жасады. Ол «Славиняның» бұрынғы үздік бомбардирі, өткен маусымда армениялық «Араратта» ойнап, 17 матчта 10 гол соққан. Қазір шабуылшы қазақстандық «Жетісуда» ойнап жүр», - деп жазды портал.

Айта кетейік, осы маусымда Димитров «Жетісу» сапында 6 матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Transfermarkt.ru мәліметі бойынша, футболшы 300 мың еуроға бағаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер