Әлем футболы

«Бавария» Саненің орнына Дембелені алуы мүмкін

«Бавария» Саненің орнына Дембелені алуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Немістің ең атақты порталы Bild «Бавария» Лерой Сане үшін «Манчестер Ситиге» 90 миллион еуро ұсынынды деп хабарлады.

Екі клуб арасында келіссөздер әлі жүріп жатыр. «Бавария» осы трансферлік терезе кезінде Санены команда қатарына қосуға барын салады.

Германия ұлттық құрамасының футболшысы Сане өткен маусымда клубтан кеткен Франк Рибериді алмастыра алады деп сеніп отыр.

Егер «Бавария» Лерой Санені қатарына қоса алмаса «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембелені қарастырады. Бұл трансферге неміс клубының директорлар кеңесінің төрағасы Карл-Хайнц Руммениггенің өзі қызығушылық танытып отыр.

Сане өткен маусымда «Манчестер Сити» сапында АПЛ-де 31 матчқа қатысып, 10 гол соққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер