«Тобылға» тәжірибелі қазақстандық қақпашы қосылды

«Тобылға» тәжірибелі қазақстандық қақпашы қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» клубы қазақстандық қақпашы Жасур Нәрзіқұловпен келісімшартқа отырды.

35 жастағы қақпашы мансабын 2005 жылы шымкенттік «Ордабасының» сапында бастаған. Одан кейін «Ақтөбе», «Қайсар», «Тараз», «Атырау» командаларында және Өзбекстанда «Андижан», «Машал» және «Кызылкум» клубтарында өнер көрсеткен.

Бұған дейін «Тобылдың» қақпашысы Андрей Пасеченко маусымның екінші жартысын «Ертісте» өткізетіні белгілі болған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер