«Астана» Жуниор Кабанангамен қош айтысты

«Астана» Жуниор Кабанангамен қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга командадан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Кабананганы «Астана» өткен жылы шілде айында «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) футбол клубынан 2019 жылдың шілдесіне дейін жалға алған болатын. Енді осы келісімшарттың мерзімі аяқталып отыр.

Елордалық клубқа қайта оралған конголық шабуылшы бұрынғыдай өнер көрсете алмады. Оның өнері жанкүйерлердің де, клуб жетекшілерінің де көңілінен шыққан жоқ.

Айта кетейік, конголық шабуылшы «Астана» сапында 2015-2017 жылдар арасында ойнаған. Жуниор «Астана» сапындағы 3 маусымда 89 ойынға қатысып, 38 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген еді. Осы керемет көрсеткішінен кейін, 2018 жылы қаңтарда сауд арабиялық «Аль-Наср» клубына ауысқан болатын.

Жуниор Кабананга Конго ДР құрамасының қатарында 2017 жылғы Африка Ұлттар Кубогында үздік сұрмерген атанып, аталмыш турнирдің таңдаулы құрамына енген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер