Қазақстандық футболшы қыз ресейлік клубтағы алғашқы голын соқты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова Ресейдің жоғары лигасында бақ сынайтын «Звезда-2005» командасының сапындағы алғашқы голын соқты, деп жазады Рrosports.kz сайты.

Гайстенова Ресей чемпионатының 11-ші туры аясында өткен «Рязани-ВДВ» клубына қарсы матчтың соңында гол соғып, командасына жеңісті жұлып әперді. Бұл қазақстандық футболшының жаңа командасындағы алғашқы голы.

Аида Гайстенова «Звезда-2005» командасына «Енисеймен» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде ауысқан болатын. «Звезда-2005» Гайстеновамен бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

Отандасымыз жаңа командасында 51-ші номермен өнер көрсетеді. Бұның себебі Аиданың мүддесін қорғайтын fiftywan inc компаниясының ережесіне сай, осы ұйыммен жұмыс істейтін барлық спортшы 51-ші номермен ойнауы керек.

Гайстеноваға бірқатар еуропалық клуб қызығушылық білдірген. Алайда қазақстандықтың таңдауы Пермь қаласының командасына түсті.

Айта кетейік, «Звезда-2005» - өз елінің алты дүркін чемпионы. Бұған қоса ел кубогын да 6 мәрте жеңген. 2009 жылы әйелдер арасындағы чемпиондары лигасының финалына шыққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер