Бокс

Қазақстандық боксшы WBO рейтингінде ТОП-10-ға кірді

news-banner7
mobile-news-top

WBO жасаған рейтингтің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Екінші орта салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы рейтингтегі орнын жақсартты. Бір саты жоғарылап жерлесіміз үздік ондықтың қатарынан орын алды.

Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін Алматыда өткізген еді. Намибиялық Лукас Ндафолумбуды жеңіп WBO Global және WBC Asia титулдарын қорғап қалған болатын.

Отандасымыз шаршы алаңға 14 тамыз күні Сидней қаласында шығады. Қарсыласы кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер