русский язык
Футбол

Георгий Жуков: «Қазақстанның стадиондары өте нашар»

Георгий Жуков: «Қазақстанның стадиондары өте нашар»

Семейде туып өсіп Бельгияға қоныс аударған 19-жасар Георгий Жуков жаңа маусым алдында отанына қайта оралып «Достастық кубогында» Қазақстанның жастар командасы сапында алғашқы ойынын өткізді. 

Осыдан жарты жыл бұрын футболшы елге қайтып «Астанамен» келісімшартқа отырған болатын. Содан бері Жуковтың өте білікті және мықты ойыншы екеніне мамандар мен жанкүйерлер сан мәрте көз жеткізді.  

– Георгий, Қазақстандағы өмірге бейімделдің бе?

– Иә, бәрі жақсы. Мұнда менің достарым да көп.

– Бельгия мен Қазақстан – әртүрлі мемлекеттер. Қос елдің айырмашылығы неде?

– Айырмашылығы ділде (менталитет). Бельгияда Астана секілді қала жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанда байлар мен кедейлердің айырмашылығы анық байқалады. 

– Демек, Бельгиядағы секілді орташа табысты отбасылар Қазақстанда аз ба?

– Дәл солай, ең бірінші көзге түскені осы.

– Ал Астананың ауа-райы қалай екен?

– Қыста өте суық. Мен өзім мұнда наурыз айында келдім, соның өзінде суық боп тұрған. Үйден ешқайда шыққан жоқпын. Әйтсе де, Астанының жазы – керемет. Бельгияда осы уақытта жаңбыр жауып тұрады.

Бельгиядағы достарың Қазақстан туралы сұрайды ма?

– Олар Қазақстан Қатарға ұқсайды деп ойлайды. Ақшалары көп, толған шейхтер деп. Мен олай емесін түсіндірем.

Туған жерің Семейде соңғы рет қашан болдың?

– Жуырда ғана сырт алаңдағы ойынды өткізу үшін командамен барғанбыз.

– Туған-туысқандарың яки жақын достарың бар ма ол жақта?

– Иә, әжем бар, анамның туысқандары да сонда тұрады.

– Семейден қалған естеліктерің бар ма?

– Жеті жыл бұрын жазғы демалысқа барғанмын. Шын айтсам, есімде қалған ештеңе жоқ. Бірақ туысқандарымды көргеніме қуанышты болдым.

- Бес жасқа дейін Семейде тұрдыңдар ма?

– Жоқ. Екі айлық кезімде Алматыға көшіп кеттік. Оңтүстік шаһарда бес жыл тұрдым. 

Ендеше Алматы есіңде жақсы сақталған шығар?

– Жоқ. Бірақ Алматы мен үшін - Қазақстандағы ең әсем қала.

Астананың жаңа бас бапкері Станимир Стойлов қатал мінезді деп естідік. Бұл рас па?

– Оны қатал мінезді деп санамаймын. Егерде біз үлкен жетістіктерге жеткіміз келсе, бапкер сондай болуы керек.

Командадағы достарың кім?

– Достарым бар, бірақ оларды жақын достарым деп айтуға да болмайды. Бос уақытты бірге өткіземіз.

– Өзің жақсы араласатын Дамир Кояшевич жақында қосалқы құрамға ауыстырылды. Бұл жайлы не айта аласыз?

– Бұл бапкердің шешімі. Меніңше, Дамир – өте мықты футболшы, бірақ ол өзін толығымен көрсете алмай жүр.

– АИК-ке қарсы ойында сені бас бапкер бірінші таймнан кейін ауыстырды. Көбінде жас ойыншылар бұндай шешімге өз наразылығын білдіреді. Сен сондай ойыншылардың қатарында емессің бе?

– Ауыстырады деп күтпеген едім. Бірақ аса көңілім түсіп кеткен жоқ. Өйткені бұл ойында жанымды салып ойнадым. Тактикаға байланысты мені ауыстырғанын білдім.

Сенің отбасың Бельгияда қалды ма әлде отанға қайта оралды ма?

– Отбасым мені қолдау үшін толығымен Астанаға көшті.

Ойындарға жиі барады ма?

– Иә, өз аланымыздағы барлық ойындарға келеді. Сырт алаңдағы ойындарды интернеттен немесе теледидардан тамашалайды.

Әкеңіз ақыл-кеңес береді ме?

– Әкем өте қатал адам. Көп сынайды мені.

Өзінді бельгиялықпын деп сезінесің бе, әлде қазаққа жақынсың ба?

– Бельгиялықтарға жақынырақпын, өзің көріп тұрғандай орыс тілінде жүз пайыз дұрыс сөйлей алмаймын. Кейбір кездері не айтып жатқанын түсінбеймін. Қазақстанда бәрі басқаша – адамдардың көзқарастары мен әзілдері де бөлек.

– Басыңнан өткен қызықты оқиғаны баяндап берші...

– Қарағандыға барып қайту үшін білместен 50 000 теңге төлегенмін. Кейін өкіндім, жап-жақын қала екен ғой... Артық шығынға ұшыраппын.

Әлем чемпионатында Бельгияны қолдаған шығарсың?

– Иә, сондай-ақ Ресейге жанкүйер болдым.

– Бельгия құрамында «Арсеналда» ойнайтын ойыншылар қосалқы құрамда отырды. Себебі неде?

– Бельгиялық ойыншылар топ-командаларда ойнап өздерін мықты қырынан көрсетті, білесіздер. Артынша, топ-клубтар Бельгия чемпионатын тамашалай бастады. Мәселен, Феллайниді алайық. Оның төмендегі ойыны әлсіздеу болса да, жұлдыз саналады.

Жалпы футбол жүйесінде өзгерістер болды ма?

– Бельгияда әр команданың мықты базасы болады. Бапкерлер – қатал, жаттығулар күніне екі рет өтеді. Іске шындап кіріседі. Футболмен өмір сүреді.

Бельгияны сағынып жүрген шығарсыз?

– Бельгиядағы толы стадиондарды, атмосфераны сағынып жүрмін. Қазақстанда бұндайды өте сирек кездестіресің. Бәлкім, Ақтөбеде ғана болмаса, еурокубок ойнадарында. Жалпы чемпионатқа аз адам келеді.

Қазақтандағы ең нашар алаң?

– Семейдегі алаң өте нашар. Футбол ойнауға мүмкіндік бермеді.

Бельгияда жас балалардың өздері бұндай алаңдарда ойнаймайтын шығар?

– Иә, тіпті төртінші лигадағы командалардың алаңдары Қазақстандағыдан мықты.

Феллайни жайлы айтып кеттің. Сенің пікіріңше Қазақстанда одан кем түспейтін ойыншылар бар ма?

– Әрине. Жолшиев, Дмитриенко, Исламхан, Нөсербаев – өте мықты футболшылар. Олар Бельгия чемпионатында жақсы ойнап кетер еді деп ойлаймын.

Жуырда «Астананың» президенті Қайсар Бекеновпен сөйлестім. Бұл жақтағы жалақың Бельгиядағыдан бірнеше есе артық екенін білдіртті. Сен үшін қаржы мәселе маңызды ма? 

– Бельгияда салықтар үлкен. Табысыңның тең жартысын мемлекет алады. Дегенменде, ақша мен үшін маңызды емес, мен мұнда ойнау үшін келдім. «Астананың» мықты команды екенін білгенмін.

Ата-анаң бұл шешімді қолдады ма?

– Иә, үнемі мұндай маңызды сұрақтарды отбасымен шешемін.

Жергілікті футболға бейімделдің бе?

– Бейімделу үшін уақыт керек болды. Жергілікті ойыншылар аяқтан көп ұрады, қарсыластарын құрметтеу деген жоқ.

Барлығы сені кәсіпқой маман ретінде таниды, өз жұмысына адал дейді. Жаттығулардан қалған күндерің болды ма?

– Әлбетте, менде адаммын ғой.

Жаттығудан қалған үшін ғана айыпталдың ба?

– Бір рет аяғыма қорғауыш кимеген үшін айыпталғанмын. Бір ретте қонақ үйге кешігіп келгені үшін. Меніңше, жазалау шаралары – адамды тәртіпті етеді. Әрбір футболшы кәсіпқой болуы керек.

Алға қойған мақсаттарың қандай?

– Барлығы адамның өзіне байланысты. Егерде талпынсаң – сол мақсатыңа жетесің. Ең көп еңбектенген адам, өмірден де ең көп ляззат алады. Бұл футболға да қатысты. 

Егерде «Астана» сізді сатып алғысы келсе, сіз келісесіз бе?

– Білмеймін. «Стандарт» мен үшін көп ақша сұрауы мүмкін. Кезінде ПСВ «Стандарттан» бір жас ойыншыны сатып алғысы келді, бірақ бельгиялық команда трансфер үшін миллион сұрады. Әлгі ойыншы ары кетсе бір-екі ойынға қана қатысқан болатын. Қазіргі таңда сол ойыншы «Стандартта» негізгі құрамында. 

«Достастық кубогында» көптеген сарапшылар Исламхан екеулеріңді атап өтіп алаңдағы ойындарың сыбайлас деген...

– Исламхан стилі жөнінен маған ұқсайды. Комбинациялық футболды жақсы көреді.

Стадиондардан басқа ұнамайтын нәрселер бар ма Қазақстанда? Төрелік әділетті ме? 

– Төрелік туралы әңгіме қозғаған дұрыс емес шығар. Бірақ, менің ойымша, төрелік орташа деңгеде. Кейде, ойыншылар боқтап, төбелесе жаздағанда – төреші жай ғана сары қағаз көрсетеді. Бельгияда бұндай үшін бірден алаңнан қуады. «Шахтерге» қарсы өткен ойында менің аяғымды сындыра жаздады. Бас төреші ойыншы допқы ойнады деді, артынша суретті көрсем ол менің аяғымды мыжғанын байқадым. Бельгияда бұны теледидардан көрсетіп, жазаланбаған ойыншыға айыппұл салар еді. Қазақстанда қауіпті ойнаған сәттерді төрешілер жиі көзден тыс қалдырады.  

Есіме түсті. Кезінде Аксель Витсель Бельгия чемпионатында бір ойыншының аяғын сындырған болатын.

– Иә. Витсель Василевскидің аяғын сындырған болатын. Кейін Витсельді қатал жазалады. Кейде төреші ондайды байқамауы мүмкін, бірақ артынша теледидардан көрсетіп кінәлі ойыншыларды жазалайды.

«Астанадағы» амплуаң ұнай ма?

– Шабуылда ойнағанды ұнатамын. Қазір қорғаныста ойнауды үйрендім. Жалпы қорғаныстан допты алып, шабуыл бастауға машақаттанып жатырмын.  

Бала кезіңдегі кумирің кім еді?

– Мен Рональдиньюнің үлкен жанкүйерімін. Сондай-ақ, Криштиану Роналдуның ойыны ұнайды. Ол он жеті жасында-ақ мықты ойын көрсете бастаған.

Еуропада кішкентай жастан бастап жас талантты ойыншыларды іздей бастайды. Саған Еуропаның командалар қызығушылық танытты ма?

– 11-12 жасымда «Андерлехте» ойнағанымда маған «Лилль» мен ПСВ секілді командалар қызығушылық танытқан.

– Әкең орыс, анаң кәріс өзің Қазақстанда туып Бельгияда өстің, қанша тілді меңгердің?

– Төрттеу – фламандық, француздық, ағылшындық және орыс тілі...

– Бельгияның бас бапкері Марк Вильмотс Ұлттық құрамаға шақырса, барасың ба?

– Алдымен, жақындарымнан ақыл-кеңес сұраймын. Бірақ, Вильмотс мені ұлттық құрамаға жуық арада шақыра қоймас. Сондықтан ол туралы әлі ойланған жоқпын.

– Аднан Янузаймен бірге ойнағаның жайлы естідік. Қанша жасыңда бірге доп тептіңдер?

– 12-15 жас аралығында. Таланты ойыншы екені көрініп тұрды, бірақ оның жылдамдығы әлсіз болатын. Десек те, ол нағыз батыр. 19 жасында «Манчестер Юнайтедпен» 4 миллиондық келісімшартқа отырды.

Қазірде онымен сөйлесесің бе?

– Жоқ, бірақ менің әкемде оның әкесінің нөмірі бар. Ал былай сөйлеспейміз. Бірақ, оны кездестірсем әңгімелесер едік.

Алаңға бірге шыққан ең мықты футболшы сол Янузай ма?

– ПСВ-ден байқаудан өткенімде Мемфис Депаймен ойнағанмын. Алаңға бірге шыққан ең мықты ойыншы – Депай. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;