«Қайраттың» Сейдаxмет үшін қанша төлегені белгілі болды

«Қайраттың» Сейдаxмет үшін қанша төлегені белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

19 жастағы жас шабуылшы «Қайрат» сапына «Уфадан» келді. Сейдахмет алматылық клубпен үш жылдық келісімшартқа отырды. Беделді Transfermarkt.deсайтының мәліметінше, алматылық клуб ресейлік «Уфаға» 300 мың еуро төлеген. Бұл соманың 5 пайызын, яғни, 15 мың долларды «Монтажник» пен «Тараз» бөлісіп алады, өйткені ФИФА 23 жасқа дейінгі ойыншыны дайындап шыққаны үшін осындай бағдарлама қарастырған.

Сейдахмет футболдағы мансабын 2017 жылы «Тараз» сапында бастаған.

Айта кетейік, өткен маусымда Еркебұлан болгариялық «Левски» командасында жарты жыл жалда ойнады. Алайда ол команда сапында тек үш ойынға ғана қатысты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер