Бокс

Головкин мен Канелоның арасындағы сәтсіз келіссөздің себебі белгілі болды

Головкин мен Канелоның арасындағы сәтсіз келіссөздің себебі белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Головкин мен Канелоның арасындағы сәтсіз келіссөздің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FightSports сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен Канело арасындағы өтетін үшінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін еді. Келіспеушіліктің басты себебі - кездесу өтетін орын таңдауда болған.

Головкин Канелодан кегін қайтарғысы келеді. Бірақ, алдыңғы екі жекпе-жек өткен шаршы алаңға қайтып барғысы келмейді. Бұл жайлы алғашқылардың бірі болып Крис Мэнникс хабарлады. Головкин Лас-Вегаста кездесу өткізгісі келмейтінін жеткізген.
2018 жылдағы кездесудегідей Канелоның Оскар Де Ла Хойя есімді промоутері келіссөз жүзеге аспаса, басқа қарсылас іздейтінін хабарлаған.

Осыдан біраз бұрын Головкин Конелодан үшінші жекпе-жек сұрағанда, Канело қазақстандық спортшының белбеуінің болғанын талап еткен. Алайда, DAZN- мен серіктестік жасайтын Головкин бұл жекпе-жектің міндетті түрде болатынын хабарлаған. Өйткені Канело DAZN-нан ақша алады. Сондықтан DAZN Конелоның кіммен жекпе-жек өтікізетінін өзі біледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер