Бокс

Қанат Ислам бастаған боксшылар ашық жаттығу өткізеді

Қанат Ислам бастаған боксшылар ашық жаттығу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Маусымның 27-і күні Алматының Арбатында елімізге танымал Қанат Ислам, Мадияр Әшкеев және Абылайхан Құсайынов сынды кәсіпқой боксшылардың ашық жаттығуы өтеді.

Спорттық шара шілде айының 5-і күні Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылатын бокс кешіне арналады.

Ашық жаттығу барысында келген қонақтар арасында билеттер, футболкалар және өзгеде сыйлықтар ойнатылып, олар спортшылармен суретке түсуге мүмкіндік алады. Басталуы 17:00-де.

Айта кетер жайт, бұл бокс кешінде жалпы саны 11 жекпе-жек өтеді, оның үшеуі титулдық. Кештің басты кездесуінде Қанат Ислам жаңа салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін айқасатын болады. Ал Мадияр Ашкеев пен Абылайхан Құсайынов NBA титулдарына жұдырықтасады.

Ашық жаттығудың өтетін орны: Арбат

Басталуы: 17.00

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер