Басқа

Қазақстанның спорттық қауымдастығы Арыс тұрғындарына көмектеседі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, сондай-ақ спорттық федерациялар зардап шеккен және басқа жерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмекке біркүндік еңбекақыларын аударатын болды.

Еліміздің спорттық қауымдастығы Арыс тұрғындарына қолдау сөздерін білдіреді. Осындай жағдайда ешкім бей-жай қарай алмайды. Сондықтан Қазақстанның спортшылары қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдау көрсетуді жөн деп шешті.

«Біз үшін Қазақстан командасы тек жарыс кезінде ғана маңызды емес. Біздің барлық жанкүйерлеріміз - біздің команда», делінген ҚР ҰОК мәлімдемесінде.

Қаржы «Менің Атамекенім» қоғамдық ұйымы ашқан шотқа аударылады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өрт шыққан. Қала толығымен басқа жерге көшірілген.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер