Командалық

Қазақстандық ватерполшылар Әлемдік лигадан 20 мың доллар алды

news-banner7
mobile-news-top

23 қазанда су добынан Қазақстан құрамасы қатысқан Әлемдік лига аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық команда турнир барысында бір ғана жеңіске қол жеткізіп, 7-орын алды. Бүгін турнирге қатысқан командалардың сыйақылары белгілі болды.

Мысалы Сербия құрамасы 100 мың доллар еншіледі. Хорватия болса, турнирден 70 мың доллар алып қайтты. Аустралияның қанжығасы 50 мың доллармен толды.

Қазақстан командасы 20 мың доллар алды. Біздің ватерполшылардан тек Канада ғана аз еншіледі – 15 мың доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер