Қысқы

2026 жылғы қысқы Олимпиаданы Италия қабылдайды

2026 жылғы қысқы Олимпиаданы Италия қабылдайды
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалалары 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Лозаннада (Швейцария) өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында белгілі болды. Қысқы ойындардың астанасы ХОК мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталды. Қысқы Олимпиаданы өткізуге Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларынан бөлек, Стокгольм мен Оре үміткер атанған еді.

2026 жылғы ойындарды өткізуге өтінім қабылдау 2017 жылдың 16 наурызында басталды. Алғашында жеті қала Олимпиаданы өткізуден үмітті болған. Финалдық кезеңге дейін екі үміткер қалды. Қалған қатысушылар өз еліндегі референдумда халықтан қолдау тапқан жоқ.

Осылайша, Канада (Калгари), Австрия (Инсбурк) және Швейцария (Сьон) өтінімді қайтып алды.

2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуы 6 ақпанға жоспарланған.

2022 жылғы қысқы Олимпиада Бейжіңде өтетінін еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер