Иван Маевский: Маған команданың нәтижесі маңыздырақ

Иван Маевский: Маған команданың нәтижесі маңыздырақ
news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттегі «Ордабасыға» қарсы кездесу «Астана» жартылай қорғаушысы Иван Маевскийдің елорда командасы жейдесіндегі 100-ші ойыны ретінде тіркелді.

Осы орайда, Иван клубтың баспасөз қызметіне өз әсерімен бөлісті:

- Клуб сапында 100 ойын өткізгеніме өте қуанышытым. Жүзінші кездесуде Шымкентте жеңіліп қалғанымыз өте өкінішті. Дегенмен, бұл футбол. Алға жылжып, қателіктермен жұмыс жасайтын боламыз. Егер шынымды айтсам, мен үшін жекелей жетістіктерден қарағанда, команданың нәтижесі маңыздырақ.

- «Астана» сапында өткізген 100 ойынның қайсысы ерекше есіңізде қалды?

- Бір ойынды ерекше атап өту қиын. Себебі, чемпионатта болсын, еурокубокте болсын ерекше есте қалатын ойындар өте көп болды. Мен үшін барлық ойын бірдей деңгейде маңызды. Егер үңіліп қарайтын болсам, еурокубоктердегі кездесулер ерекше есте сақталатын болады. Ол жердегі атмосфера, лық толы стадион... Егер нақты біреуін таңдау қажет болса, мен Чемпиондар Лигасының алғаш әнұранын тыңдаған «Селтикке» қарсы кездесуді таңдаған болар едім. Ол сәт ешқашан ұмытылмайды.

- Сіз кәсіби мансабыңызда алғаш рет «Астана» сапында 100 ойын өткіздіңіз. Дәл осы қазақстандық клуб мансабыңызда ерекше із қалдырды дей аласыз ба?

- Менің еңбек жолымда көп команда болған жоқ. Дегенмен, кәсіби футболшы атану жолында әр команданың өз орны бар. Шынымен де, мен алғаш рет «Астана» сапында ғана 100 ойын межесіне жетіп, ел Чепионы атанып, еурокубоктерде ойнадым. Сондықтан, футбол эмоциясы тұрғысынан алғанда клубта өткізген уақытым ерекше есте қалатын болады. Маған өзімді дәлелдеуге мүмкіндік берген клубқа ерекше алғыс айтамын. Уақыт өте жылдам өтуде. Кеше ғана келісімшарқа қол қойған сияқты едім, бүгін 100 ойын межесіне жетіп отырмын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер