Әлем футболы

Грузия футболшылары Ресейді «басқыншы» деп айыптаған жейде киіп шықты

Грузия футболшылары Ресейді «басқыншы» деп айыптаған жейде киіп шықты
news-banner7
mobile-news-top

Грузия футболшылары 23 маусымда өткен ел чемпионатының 19-шы турында Ресей сыртқы саясатына қарсы екенін білдіретін жейде киіп шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Грузия елінің «Локомотив», «Рустави», «Торпедо» клубтарының футболшылары алаңға «Мен Грузияданмын, менің елімді Ресей басып алды», «Грузия жерінің 20 пайызын Ресей басып алған» деген жазуы бар жейде киіп шықты.

Тбилисиде жаппай наразылық акциясы 20 маусымнан бері наразылық жалғасып жатыр. Оған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың парламент спикері мінберіне көтеріліп, сөз сөйлеуі және парламент спикері орнына отырып алуы себеп болған.

Гавриловты Ресей президенті Владимир Путиннің серігі деп санайтын грузиялық азаматтар ол Грузияның сепаратистік аймақтары - Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қолдау білдірген Мәскеудің іс-әрекетін құптайды деп есептейді.

Еске сала кетсек, 2008 жылы екі ел арасында әскери жанжал болып, Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлініп шыққан болатын.

Ресей қолдауына ие болған сепаратистер 2008 жылғы қақтығыстан соң осы екі аймақты бақылауына алған. Мәскеу оларды тәуелсіз мемлекет деп мойындап, төрт мың әскерін орналастырды. Содан бері Ресей мен Грузия арасында ресми дипломатия орнаған жоқ.

Түпнұсқасы: azattyq.org Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер