Бокс

Виктор Демьяненко: Головкиннің дайындықтарына көңілім толмады

Виктор Демьяненко: Головкиннің дайындықтарына көңілім толмады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Мәскеудегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Геннадий Головкиннің Стив Роллсқа қарсы жекпе-жегі туралы айтып берді.

– Виктор Леонидович, Головкин мен Роллстың жекпе-жегін көрдіңіз бе?

– Көрдім. Бұл кездесуден кейін екі түрлі сезімде болдым. Біріншіден, Головкиннің неліктен Роллсты таңдағаны түсініксіз болды. Бұл DAZN-ның шешімі ме әлде Головкин өзі таңдады ма? Қарсыласы әлсіз болды. Геннадий бастапқы раундтарда өзін көрсете алмады. Төртінші кезеңде оның соққылары өте бастады. Роллс бұған төтеп бере алмады. Геннадийдің неліктен соққылар жібергенін түсінбедім, бәлкім, бұл сондай тактика болған шығар?

– Головкиннің жұдырықтасу стилі жаңа бапкердің келуімен өзгерді ме?

– Мен дайындықтарын байқадым. Джонатан Бэнкс Головкиннен өзге Али Ахмедовті да жаттықтырып жүр. Шын айтсам, жаңа бапкер ұнамады. Ахмедов те бұл бокс кешінде әлсіз өнер көрсетті. Жалпы, дайындықтарына көңілім толмады.

– Головкин баяу қимылдағандай көрінді. Сізге ше?

– Жоқ. Бұны байқамадым. Геннадий белсенді қимылдады. Әсіресе төртінші раундта.

– Головкиннің келесі кездесуі Канелоға қарсы өтеді деп жатыр. Бұл жайлы не ойлайсыз?

– Менің ойымша, бұл кездесу әзірге өтпейді. Головкин мен Канело, бәлкім, тағы бір-екі кездесуден кейін ғана өзара үшінші жекпе-жек өткізеді. Себебі Геннадийдің DAZN-мен үшжылдық келісімшарты бар, Канелода – алты-бес жылға. Бұл айқастың сәнін кетірмеу үшін DAZN трилогияны кейінге қалдырады.

– Головкиннің келесі қарсыласы ретінде кімді көргіңіз келеді?

– Білмеймін. Бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі бәрі DAZN-ның қолында. Ең бастысы, дұрыс қарсылас таңдаса екен деп тілеймін.

– Жақында ХОК Токиодағы Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасындағы жарыста салмақ дәрежесінің санын қысқартып, керісінше әйелдердікін көтерді. Бұл қаншалықты дұрыс шешім деп ойлайсыз?

– Әуесқой бокстағы жаңалықтардан бейхабармын. Неліктен бұндай шешім қабылданғаны белгісіз. Бәлкім, Халықаралық Олимпиада комитеті осылайша ерлер арасындағы жарысты қызықтырғысы келетін шығар? Себебі салмақ дәрежесінің саны қысқарса, барлық елдің федерациялары тек мықты боксшыларын ғана Олимпиада ойындарына апарады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер