ММА

UFC Президенті Конорға: Төбелес, не болмаса кет!

UFC Президенті Конорға: Төбелес, не болмаса кет!
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор МакГрегорға шарт қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Иә, біз Конормен өте жақсы қарым-қатынастамыз, алайда әр нәрсенің өз шегі бар. Оған таңдау жасау қажет. Төбелесу керек не болмаса промоушеннен кету керек.

Ол бүгін жекпе-жек өткізуге құлшынып тұрса, ертең айнып қалуы мүмкін. Осылай жалғаса берсе, оған кету керек болады», — деді Уайт Las Vegas Review-Journal-ға берген сұқбатында.

Айта кетейік, UFC ұйымы Конор Макгрегорге 6 не 27 шілде күні жекпе-жек өткізуге тырысқан. Алайда ESPN арнасымен келісімшартқа отырғаннан соң келіссөздер тоқтап қалды.

Уайт: Конор Хабибті жеңетініне 100% сенімді

UFC президенті - Макгрегор жайлы: Бай жігіттерді төбелестіру қиын

Түпнұсқасы: vmma.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер