Иван Маевский «Астана» сапындағы 100-ші ойынын өткізді

Иван Маевский «Астана» сапындағы 100-ші ойынын өткізді
news-banner7
mobile-news-top
«Астана» Премьер-Лига аясында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнап, 3:2 есебімен жол берген болатын.

Бұл кездесу жартылай қорғаушы Иван Маевский үшін «Астана» жейдесіндегі 100-ші ойын ретінде тіркелді.

Маевский елорда командасы сапында 2016 жылдан бастап өнер көрсетеді. Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы осы 100 кездесуде 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, «Астана» сапында өткізген ойындар саны бойынша көшбасшы Ненад Эрич (276), және осы қатарда Абзал Бейсебеков (259), Дмитрий Шомко (231) мен Марин Аничич (208) бар.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер