Әлем футболы

Азиялықтар Аргентинаны Америка кубогынсыз қалдыруы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Месси бастаған Аргентина Америка кубогында топтан шыға алмай қалуы мүмкін.

Екі турдан кейін Аргентина өнер көрсететін B тобында алты ұпай жинаған Колумбия бірінші орында тұр. Бұл команда ширек финалға жолдама алып қойды. Екінші сатыда екі ұпаймен тұрған Парагвай соңғы турда, топта мотивациясы жоқ дәл осы Колумбияны жеңсе келесі кезеңге жолдама алады.

Ал, Аргентина мен Катар еншісінде жалғыз ұпайдан. Жеңген ұжым екінші немесе үшінші орынмен ширек финалға шығуы мүмкін. Себебі, үшінші орынды алған үздік екі команда 1/4 финалдан орын алады.

Өткен екі турнирде ақтық мәреге жетіп сүрінген Аргентина, бүгін сәтсіздік құшса онда жарыс жолын тоқтататын болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін ширек финалда өнер көрсету құқығына Колумбиядан бөлек, Бразилия, Чили және Венесуэла командалары ие болған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер