Григорчук: «Ордабасы» қателіктерді кешірмейді

news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук «Ордабасымен» болған матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.

- Бүгінгі біздің ойын нашар болды деп айта алмаймын. Қарсыласқа қанша дайындалсақ та, біраз қателіктер жібердік. «Ордабасы» бірден жазалады.

Осыған дейін бірнеше рет айттым, бізге күшейе түсу қажет. Кемі тағы екі футболшы керек. Кешіктік деп те ойлаймын. Себебі, жаңадан келген футболшылардың командаға сіңісуіне біраз уақыт керек. Чемпиондар лигасындағы жағдайымыз қиын болайын деп тұр.

ЧФР жайлы қазірден бастап жан-жақты ақпарат жинап жатырмыз. Бірақ, оған дейін бізді «Қайрат» пен «Тобылға» қарсы қиын матчтар күтіп тұрғанын ұмытпауымыз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер