Басқа

Баландин АҚШ-та өтіп жатқан халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Баландин АҚШ-та өтіп жатқан халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық суда жүзушілер АҚШ-та өтіп жатқан халықаралық турнирден 3 медаль иеленді, оның екеуін Дмитрий Баландин жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, қазақстандық спортшылар Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай 2019 жылғы әлем чемпионатына арнайы дайындық барысында АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турниріне қатысуда.

Алғашқы жарыс күні Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсіп, күміс медаль жеңіп алса, Мусин 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартып, ел қоржынына екінші күмісті сыйлады. Ал Әділ Қасқабай 100 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынап, 13-ші орыннан көрінді.

Турнирдің екінші күні Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен екінші күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Өкіншіке қарай бұл күні Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалдық сынға өте алмай қалды. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер