Басқа

Ирандық 5 жасар бала әлемді таңғалдырды

Ирандық 5 жасар бала әлемді таңғалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Ирандық бес жасар акробат Арат Хосейни өзінің ерекше күші мен қабілетінің арқасында Инстаграм жұлдызына айналды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Араттың парақшасына қазірдің өзінде 2,2млн адам жазылған. Қабырғаға өрмелейтін бала, кеуде көтеру жаттығуын да қиналмай жасап, ауада шпагатқа отырған күйі бір қолымен ғана тіреп тұра алады.

Күн артқан сайын бүлдіршіннің ептілігі мен күші көбейіп, ата-анасын таң қалдырған. Араттың сүйікті трюктерінің бірі — артқа сальто жасау.

Талантты бала артқа қарай да емін-еркін айнала алады. Ол тіпті қытайлық таланттар шоуының да басты жұлдызына айналып үлгерген.

Араттың қабілетін байқаған әкесі Мохаммад оның жаттығуына көмектеседі. Олар ұлдары жаттығуға күніне 10-20 минутын ғана жұмсайды дейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер