«Ақтөбе» - «Легия» матчының төрешісі өзгерді
![«Ақтөбе» - «Легия» матчының төрешісі өзгерді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408344553_870197873.jpg?v=28697744)
УЕФА Еуропа лигасының төртінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта төрешілер құрамын өзгерді – енді «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы ойында Алексей Еськов емес, Сергей Карасев қазылық етеді.
Карасев халықаралық деңгейде үш жылдан бері жұмыс жасап келеді. 35 жастағы арбитр еурокубокта соңғы рет Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы мадридтік «Реал» мен «Шальке-04» матчында төрелік етті.
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» «Легиямен» өз алаңында 21 тамызда кездеседі. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.