Бокс

Жәнібек Әлімxанұлы: Екі әлем чемпиондық белбеуін алуым қажет

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды.

- Реті келсе биыл осы екі титулды әлем чемпионы титулына ауыстыруым керек! Біз дайынбыз!, - деп жазды Instagram парақшасында.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы кезекті кездесуіне дайындығын пысықтау үшін АҚШ еліне аттанды. Головкиннің салмағында жұдырықтасатын отандасымыз WBС тұжырымы бойыншаәлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын. Ал оның алдында WBО рейтингінде ТОП-15-ке енген еді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер