Теннис

Зарина Дияс Истбурнның негізгі турниріне өте алмады

Зарина Дияс Истбурнның негізгі турниріне өте алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Зарина Дияс Истбурнның негізгі турниріне өте алмады.

Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 59-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен кездесті. Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда ресейлік теннисшінің жолы болды - 7:6 (7:4). Екінші сетте Зарина 4:1 есебімен алда тұрды. Алайда сол басымдылығын пайдалана алмады. Мұнда да В.Кудерметова сәтті ойнады - 7:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Осылайша З.Дияс Истбурнның негізгі жарысынан тыс қалды. Дегенмен, ендігі мақсат - 1-14 шілде аралығында өтетін Уимблдон жарысында сәтті өнер көрсету. Алдағы аптада осы турнирдің іріктеу сындары басталады.

Ерлер арасында Истбурнның іріктеу сайысына Александр Бублик қатысуда. Ол бастапқы кездесуін канадалық Стивен Диаспен өткізеді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер