русский язык
Футбол

«Бастия» Тиаго Моттаны ұрған ойыншымен қоштаспақ

«Бастия» Тиаго Моттаны ұрған ойыншымен қоштаспақ

«Бастияның» шабуылшысы Брандао «ПСЖ-ның» жартылай қорғаушысы Тиаго Моттаны ұрғаны үшін екі жылға алаңнан аластатылуы мүмкін.

Бұл туралы шет елдік басылымдар хабарлауда. Тіпті, клуб шабуылшымен келісім-шартты бұзуға ниетті. Дереккөздің мәлімдеуінше, француз лигасы Брандаоның ісін қатал және қасақана деп тапса, шабуылшы кәсіпқой футболдан екі жылға аластатылуы мүмкін.

Сондай-ақ, «Бастия» да бұл жағдайға бей-жай қарамай, Брандаоны алмастыратын ойыншыны іздеуде және оның орнына «Бордо» мен қытайлық «Далянь Аэрбин» сапында танылған еркін агент Гийом Оаромен келіссөз жүргізіп жатыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;