Бокс

Головкин Парижде танымал актермен танысты

Головкин Парижде танымал актермен танысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Парижде әлемге танымал аустралиялық актер Джоэл Эдгертонмен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Франция астанасына Louis Vuitton-ның шақыруымен жаңа ерлер топтамасының көрсетіліміне келген Головкин кезекті сапарынан бірнеше сурет жариялады.

«Аса талантты актер әрі керемет адаммен танысқаныма қуаныштымын», - деп жазды Головикн Эдгертонмен бірге түскен фотоның соңына.

Айта кетейік, Джоэл Эдгертон - австралиялық актер, режиссер, сценарий жазушы және продюсер. «Чумовые боты», «Воин», «Великий Гэтсби», «Чёрная месса», «Лавинг», «Яркость» сынды фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер