Қысқы

Алматыда Денис Тенге арналған мемориал ашылды

Алматыда Денис Тенге арналған мемориал ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап Ескерткіш қойылды, деп жазады Prosports.kz.

Тенге арналған мемориалдың ашылу рәсімі Алматы қаласында 22 маусым күні сағат 11:00-де өтті. Салтанатты рәсімге Ермахан Ибраимов, Илья Ильин қатарлы танымал спортшылар қатысты.

Ескерткіш спортшы пышақ жарақатын алған жер - Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылды.

Қоладан құйылған мүсінді Қазақстан халқына Виктор Цой ескерткішінің авторы ретінде белгілі санкт-петербургтік мүсіншісі Денис Макушкин жасады.

Денис Тен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, бұл мемориал еліміздің атын әлемде таныту үшін бар күш-жігерін жұмсаған спортшыға деген халықтың үлкен құрметінің белгісі болмақ.

Еске сала кетейік, даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Құқық қорғаушылардың анықтауынша, машинасының айнасын шешіп жатқан ұрыларға қарсы ұмтылған Тен санынан пышақ жарақатын алады. Жарақатынан көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған шоу өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер