Басқа

Адиля Тілекенова Азия чемпионатында үшінші орын алды

Адиля Тілекенова Азия чемпионатында үшінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 70,550 ұпай жинап, жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Көпсайыста бас жүлдені 75,550 ұпай жинаған өзбекстандық Сабина Ташкенбаева жеңіп алса, күміс жүлдені 72,500 ұпай еншілеген қытайлық Ятин Жао қанжығасына байлады.

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 18 маусым күні жалауын желбіреткен. 24 маусымға дейін жалғасатын додада жекелей сында Қазақстан атынан Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Шәкенова өнер көрсетіп жатыр.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер