Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева екі айда 5 жарыста бақ сынайды

Элизабет Тұрсынбаева екі айда 5 жарыста бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағы (ISU) 2019/2020 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің тізімін жариялады. Жарысқа қатысушылар қатарында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да бар.

Гран-при турнирлерінің тізімін Skate America бастайды. Аталған турнир 18-20 қазанға жоспарланған.

25-27 қазан күндері Гран-при турнирі аясындағы Skate Canada, 1-3 қараша күндері Internationaux de France, 8-10 қазанда Cup of China, 15-17 қарашада Rostelecom Cup, 22-24 қарашада NHK Trophy бәсекелері өтеді.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екі жарысқа қатысады. Ол Skate America және Cup of China турнирлерінде бақ сынайды. Америкадағы дүбірлі сында Тұрсынбаеваның басты қарсыластары ресейлік Анна Щербакова мен Елизавета Туктамышева, жапониялық Каори Сакомото мен Вакаба Хигучи атанбақ. Қытайдағы турнирде бұл тізімге Сатоко Мияхара (Жапония) мен Габриэль Дэйлман (Канада) қосылады.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол әйелдер арасындағы ресми турнирде төрт айналым сальховты орындаған алғашқы спортшы.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер