Теннис

Путинцева: Қарсыласым әлемнің үздігі екеніне мән бермедім

Путинцева: Қарсыласым әлемнің үздігі екеніне мән бермедім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирменгемде әлемнің бірінші ракеткасы жапон қызы Наоми Осакиды жеңгеннен кейін өз эмоциясымен бөлісті.

- Наоми секілді шебер спортшыны жеңу қашан да қуантады. Өткен кездесуімізден бұл матч ерекше болды. Ол кезде жағымсыз жел болды, және хардта ойнадық.

Ешкім сеннен жеңіс күтпеген кезде өнер көрсету оңай. Өзіңді еркін сезінесің. Кімнің фаворит екенін ойламай, бар шеберлігінді паш етуге тырысасың.

Жазғы маусым өте қысқа, бар болғаны бірнеше турнир ғана. Сондықтан барлық жарыстар маңызды. Нюрнбергтегі WTA турниріндегі алғашқы жеңісімнен кейін бойымда өзіме деген сенімділік пайда болды. Кортқа қаншалықты көп шықсаң, соншалықты жылдам шеберлігін артады - деп түйіндеді Путинцева.

Еске сала кетейік, Англияның Бирменгем қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында жерлесіміз теннисші қыздар арасында әлемнің рейтингінде көш бастап тұрған Наоми Осакиды жеңіп, үлкен сенсация жасаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер