Басқа

Әлия Юсупова: Тілекенованың қола медалін жоғары бағалаймын

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Тайландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова үздік үштікке енді.

Ол көпсайыс қорытындысы бойынша құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр. Команда бапкері Әлия Юсупова Тілекенованың жүлдесін жоғары бағалады.

- «Бас бапкер ретінде Адиляның қола жүлдегер атанғанына өте қуаныштымын. Оған тек «жарайсың» дегім келеді. Ол соңына дейін қарсыластарымен иық тірестірді. Командада осындай қыздардың барын мақтан тұтамыз. Былтыр Тілекенова командалық сайыста Азия ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Өкінішке қарай, Алина Әділханова жарақаты салдарынан чемпионатқа қатыса алмады. Ол жарақатынан айыққан соң әлем чемпионаты мен өзге де жарыстарда бақ сынайды», - деді Юсупова.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер